Жаңалықтар

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Алтын Орданың 750 жылдығына арналған халықаралық видеоконференцияға қатысты

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Нұр-Сұлтан қаласында “Ұлық ұлыс (Алтын Орда) – Ұлы дала тарихи” атты халықаралық видеоконференцияға қатысты.

Алқалы жиынды Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Мемлекет тарихы институтымен бірлесіп ұйымдастырды.

Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығына арналған конференцияға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Үмітхан Мұңалбаева, Назарбаев Университетінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі, профессор Юлай Шамилоғлы, Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының Ш.Марджани атындағы Тарих институты жанындағы М.А.Усманов атындағы Алтын Орда және татар хандықтарының зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалеев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Айболат Көшкімбаев және тағы бірқатар танымал ғалымдар қатысты.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі видеоконференцияғв қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Алтын Орданың 750 жылдығын атап өту аясында Халықаралық Түркі академиясы атқарып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

Айту керек, Түркі академиясы өткен жылдан бері Алтын Орда мемлекетінің тарихына байланысты бірнеше халықаралық жиындар өткізіп, жаңадан әзірленген бірқатар еңбектерді оқырман қауымға таныстырған болатын.

Бұл бағыттағы жұмыс биыл да жалғасын табуда.

Close