Жаңалықтар

Түркия Сыртқы істер министрі Академияның 10 жылдығымен құттықтады

Халықаралық Түркі академиясының 10 жылдығына орай Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мавлют Чавушоғлудан академия президенті Дархан Қыдырәлінің атына құттықтау хат келіп түсті.

Қадірлі Дархан мырза!

Түркі әлемінің ортақ тарихын, тілін және мәдениетін ғылыми деңгейде зерттеу жұмыстарын табысты жүргізіп отырған Түркі академиясының 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Түркия, Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстан бірлесіп құрған Түркі академиясы «Ортақ түркі тарихы», «Түркі әлемінің географиясы» және «Ортақ түркі әдебиеті» оқулықтары қатарлы жобалары және ұйымдастырған конференциялары арқылы түркі мұрасын насихаттауға және мәдениетімізді келер ұрпаққа лайықты жеткізуге елеулі үлес қосуда.

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтіп, түркі тілдерін, әдебиетін, мәдениетін, тарихы мен этнографиясын зерделеуде түркі әлеміндегі бірлікті, ынтымақтастық пен ықпалдастықты нығайту жұмыстарын іске асырып отырған Түркі академиясының жұмысын жоғары бағалайтынымды жеткізіп, алдағы қызметіне мол табыстар тілеймін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сізді және академия ұжымын Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!” делінген құттықтау хатта.

Close