Жаңалықтар

ТүркПА Бас хатшысы Түркі академиясын 10 жылдық мерейлі белесімен құттықтады

Түркі тілдес елдер парламенттік ассамблеясының (ТҮРКПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов Халықаралық Түркі академиясын 10 жылдық мерейлі белесімен құттықтап, Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің атына арнайы құттықтау хат жолдады.

Құрметті Академия басшысы!

Түркі ынтымақтастығының ажырамас бөлігі саналатын Түркі академиясы өзінің құрылған күннен бастап бауырлас халықтардың тамырлас тарихын зерделеуде табысты жұмыс жүргізіп келеді. Академия 2010 жылдан бері жасаған ғылыми зерттеулері арқылы адамзат тарихындағы орнымызды бағамдауға бағыт беріп, түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық байланыстарды нығайта түсуде.

Түркі академиясы он жылдық белесінде түркі әлемінің ғылым және білім саласын үйлестіре отырып, халықтарымыздың ортақ мұрасын зерттеу, әлемдік өркениеттегі рөлі мен жалпы жетістіктерін дүниежүзіне насихаттау бойынша айрықша зор қызмет етіп келеді. Көптеген мемлекеттердегі ғалымдардың басын қосып, олардың жұмыстарына қолдау көрсететін Түркі академиясы түркі әлемінің интеллектуалды орталығына айналды. Түркі академиясының қызметі ғасырлар бойы жалғасын тауып келе жатқан бауырластық байланыстарды нығайтуды көздейтін бастамалар тұрғысынан зор маңызға ие.

ТҮРКПА мен Түркі академиясы арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде қалыптасқан. Қос ұйым бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Алдымыздағы кезеңдерде де ынтымақтастығымыздың артып, жемісті бола түсеріне сенім білдіремін.

Осы орайда, жеке өзімнің және ТҮРКПА хатшылығының атынан Түркі академиясын 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, қызметіне сәттілік тілеймін!” деп жазылған құттықтау хатта.

Close