Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Ораза айт мейрамымен құттықтауы

Құрметті бауырлар!

Баршаӊызды қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Күллі мұсылман елдерінің, соның ішінде тамырлас түркі жұртының ортақ мерекесі болып саналатын Ораза айт ынтымақ пен ырысты нығайтып, береке-бірлікті арттырады.

Данышпан Абай айтқандай кісіні кемелдікке бастайтын, арылуға, ағаруға жетелейтін қанағат пен рахым айы алыстағы ағайынның арасын да жақындастыра түседі.

Өкінішке қарай, биыл ұлық мейрамды оқшаулану жағдайында қарсы алып отырмыз.

Адамзатқа түскен ауыртпалық артта қалып, алаңсыз айттайтын күндерге тезірек жетуді нәсіп еткей.

Айттан айтқа бауырымыз бүтін, төрт көзіміз түгел жетуге жазсын!

Баршаңызға бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Дархан Қыдырәлі

Close