Жаңалықтар

Қырғызстан Президенті Академияны мерейтойымен құттықтады

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековтен Академия басшысы Дархан Қыдырәліге ұйымның 10 жылдық мерейтойына орай құттықтау хаты келіп түсті.

«Халықаралық Түрік Академиясының құрылғанының 10 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.

Қысқа мерзім ішінде Түрік академиясы маңызды халықаралық ғылыми іс-шаралар өткізді, түркологияның әртүрлі салаларында іргелі ғылыми еңбектер жариялады және түркі мемлекеттері арасындағы рухани интеграцияны нығайтуға елеулі үлес қосты. Ол түрік мемлекеттері арасындағы беделді халықаралық ғылыми орталыққа айналды.

Соңғы жылдары Академия қырғызтану ғылымын дамытуға, қырғыз мәдениетін түркі әлеміне және басқа елдерге таныстыруға, қырғыз ғалымдарын түркология әлеміне белсенді қатысуға шақырды. Бұл бастамаларды біз жоғары бағалаймыз.

Халықаралық Түркі академиясына бұдан кейінгі істеріне көптеген игіліктер тилеймін» деп жазылған хатта.

Close