Жаңалықтар

Академияны Бейбітшілік және тұрақты даму халықаралық қоры (IFSPD) құттықтады

Бейбітшілік және тұрақты даму халықаралық қорының (IFSPD) президенті Бисерка Евтимиевич, бас директоры-вице-президенті Эльдар Гасанов және атқарушы директоры Эсма Сирбубало Халықаралық Түркі академиясының 10 жылдығына орай құттықтау хат жолдады. Құттықтықтаушы тарап хатта Академия басшысына ізгі тілектерін айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілеген. Сондай-ақ ұйымның жұмысына оң баға берген.

«2010 жылдың 25 мамыр айында Нахчыван келісімі негізінде жұмысын бастап, 2014 жылы халықаралық мәртеге ие болған Халықаралық Түркі академиясы бүгінгі таңда өз миссиясын жемісті атқарып келеді. Атап айтқанда, түркі елдері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту, сонымен қатар, бауырлас мемлекеттердің тұғырлы тұлғаларының бастамаларына үн қосуы мен оны қолдауға жағдай жасауын айрықша атап өтуге болады» — делінген хатта.

Close