Жаңалықтар

Түркі академиясын бауырлас елдердегі жоғары оқу орындарының басшылары құттықтады

Халықаралық Түркі академиясының 10 жылдық мерейтойымен ресми құттықтаулар легі түбі бір түркі елдеріндегі жоғары оқу орындары басшылары тарапынан жалғасуда.

Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің атына жолдаған жеделхатында: «Бауырлас халықтардың тамырлас тарихын, бай әдеби мұрасын, тарихи жазба және түркі тілдері ескерткіштері бойынша зерттеулерді әлемдік деңгейде насихаттап, шартарапқа паш етіп, түркі дүниесінің тұтастануы үшін өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Түркі академиясын тағы да мерейтойымен құттықтай отырып, толайым табыстар тілеймін. Сіздер зерделеген түркі халықтарына ортақ тарих, тіл мен әдебиет, мәдениет, өнердіңзерттеулері болашақ ұрпаққа мәңгілік мұра болады деп сенемін!» — деп жазылған.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі К. Дикамбаева атындағы Дипломатиялық академия ректоры Чинара Адамкулова да құттықтау хат жолдады. Ізгі тілегік жеткізген құттықтау хатта: «Қысқа уақыт аралығында Академия көптеген жетістіктерге жетіп, бауырлас елдердің мәдени құндылықтарын сақтауға және дамытуға айрықша үлес қосты. Алдағы жылдар сіз басшылық жасайтын академия үшін жемісті әрі сәтті болсын!» делінген.

Close