Жаңалықтар

Академия басшысы Елбасы Н. Назарбаевқа тез сауығып кетуіне тілеулестігін білдірді

Өкінішке қарай, бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті − Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсеткендіктен, оқшауланды.

Осыған байланысты, Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек сауығып кетуіне тілеулестігін білдірді.

«Түбі бір түркі әлемі “Білге лидер” деп құрметтейтін Нұрсұлтан Әбішұлының індет жұқтырып алғаны туралы жайсыздау хабарды естідік.
Бауырлас елдердің бірлігін бекемдеп, Халықаралық Түркі академиясының да негізін қалаған Елбасының тез сауығып кетуін тілейміз!», – деп жазды Академия басшысы ресми парақшасында.

Close