Жаңалықтар

Ұйғыр қағанаты кезеңіндегі құрылыстың сыры ашылды

Ғалымдар Тыва Республикасындағы Пор-Бажын бекінісінің салынған уақытын дәл анықтай алды. Ол үшін олар радиокөміртекті және дендрохронологияны талдауды біріктіретін, сонымен қатар «Мияке оқиғасын» ескеретін жаңа әдісті қолданды. Бұл туралы мақала Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды.

Пор-Бажин – Туваның оңтүстігінде, Моңғолиямен шекаралас Тере-Хол көліндегі аралды толығымен алып жатқан бекініс. Археологтар оны VIII–IX ғасырларда қазіргі Моңғолия мен Сібірдің оңтүстік бөлігін алып жатқан Ұйғыр қағанатымен байланыстырады.

Бұл ғимараттың салынған уақыты туралы дау көптеген жылдар бойы жалғасып келеді. Бірақ радиокөміртек негізіндегі талдаудың нәтижесінде нақты қорытынды жасауға мүмкіндік туды. Зерттеушілер Пор-Бажынның балшық қабырғаларының түбіне салынған үш балқарағай ағашының кесілген діңгегін зерттеді.

Ұйғыр қағанаты өмір сүрген уақытта «Мияке оқиғасы» деп аталатын кезең өткен. 2012 жылы Фуса Мияке бастаған жапон ғалымдарының тобы балқарағайдың жылдық сақиналарындағы радиоактивті көміртегі -14 құрамын талдап, бұл көрсеткіштің 775 жылы күрт өсуін анықтады. Ғалымдар бұны күн сәулесінің өте күшті жарқылының салдарынан деп түсіндіреді. Кейінгі зерттеулер 775 жылы ағаштардың жылдық сақиналарындағы көміртегі-14-тің мөлшерінің өсуі әлемнің басқа бөліктерінде де байқалатындығын растады. Сонымен қатар, біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығында тағы да осыған ұқсас бірнеше оқиғалар болғанын анықтады.

Пор-бажын мерзімін анықтау үшін Гронинген университетінің (Нидерланды) Марго Кейтемс бастаған ғалымдар тобы «Мияке оқиғаларын» ескеретін әдісті қолданды. Зерттеушілер Пор-Бажыннан жасалған бөренелердің 20 үлгісіне радиокөміртекті талдауын жүргізіп, 775 жылғы «Мияке оқиғасының» белгісін көрсететін көміртегі-14 жоғары мөлшерін анықтады. Осыдан кейін ағаштардың кесілген жылын анықтау үшін кезекті сақиналары санау жеткілікті болды. Пор-Бажында Тере-Хол жағалауында молынан өскен жергілікті құрылыс материалдары — балқарағайлар пайдаланылған. Бұдан ғалымдар ағаштардың арнайы құрылыс үшін кесіліп, жаз кезінде кептірілген деген қорытындыға келді.

Зерттеушілер Пор-Бажинның 777 жылдың жазында, яғни ұйғыр қағаны Бөгудің кезінде манихей ғибадатханасы ретінде салынған құрылыс деп отыр.

Close