Жаңалықтар

Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ҚР ҰҒА академигі болып сайланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) Президумы жиынында тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшеcі, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі академик болып сайланды.

Танымал ғалым, түрколог Дархан Қыдырәлі Қазақстан, Қырғызстан мен Түркия елдеріндегі бірнеше жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының құрметті докторы. Сонымен қатар, Түркі елдері Ұлттық ғылым академиялар одағынның негізін қалаушы және басшысы.

Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы ұжымы Дархан Қыдырәліні жаңа ғылыми мәртебесімен шын жүректен құттықтайды!

Close