Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының иегері атанды

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының иегері атанды.

Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясы ұжымы Дархан Қыдырәліні шын жүректен құттықтайды!

Айта кету керек, Академия басшысы 2016 жылдан бері Қазақстанның бас газеті болып саналатын «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді.

Толығырақ: http://www.akorda.kz/…/kazakstan-respublikasy-prezidentinin…

 

Close