Жаңалықтар

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті 63 жасқа толған туған күнімен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейде нығайта беруге бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар стратегиялық серіктестікті дамытуға, әсіресе, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға оңтайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсетіп, жеделхат жолдағаны үшін ризашылық білдірді.

Close