Жаңалықтар

Түркі академиясы Елорда күнімен және Елбасының туған күнімен құттықтайды

Бүгін Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласының және Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні.

Аталған қос мерекеге орай, Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі барша қазақстандықтарды құттықтады.

«Қазақ елінің құтты қонысы, абыройымыздың айғағы, тәуелсіз мемлекетіміздің жүрегі болып табылатын елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күні құтты болсын!

Еуразияның кіндігінде сәні мен салтанаты жарасып, көптің таңдайын қақтырған әсем астанамыздың қазақтың сайын даласында бой көтеруі — ең алдымен, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі. Биылғы бұл мерекенің маңызы бөлек. Ол тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы, түркі интеграциясының архитекторы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 80 жасқа толу мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осыған орай, әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлғасы Нұрсұлтан Әбішұлын 80 жылдық мерейжасымен шын жүректен құттықтаймыз!

Елбасының бастамасымен түбі бір түркі жұртының бірігу тетіктері қалыптасты, ал қазақ астанасы Түркі әлемінің басты орталығына айналды. Осыдан 10 жыл бұрын Елбасының тікелей бастамасымен құрылған Халықаралық Түркі академиясы әлемдік түркологияның бірегей орталығы ретінде қалыптасты. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласы отанымыздың жүрегі, тәуелсіздіктің тірегіне айналды.

Елордамыз гүлдеп, жайнай берсін!

Елбасымыз аман, жұртымыз тыныш, еліміз еңселі ел болғай!»

Құрметпен, Халықаралық Түркі академиясынның президенті

Дархан Қыдырәлі

Close