Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Әзербайжан Президенті Елбасын 80 жасқа толуымен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және бауырлас Қазақстан халқының игілігі жолындағы жасампаз істеріне табыс тіледі.

Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжанның нағыз досы екенін айтып, Қазақстан-Әзірбайжан қатынастарының негізін қалауға, сондай-ақ түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Елбасы Әзербайжан көшбасшысына жүрекжарды құттықтауы үшін алғысын білдіріп, ғасырлар бойы екі елді біріктіріп келе жатқан достық пен тату көршілік дәстүрлерді нығайтуды қолдайтынын айтты.

Close