Жаңалықтар

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Әңгіме барысында Режеп Тайип Ердоған Елбасын мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық және көпжоспарлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Түркия Президенті қазіргі Қазақстанның даму тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екендігін айтып, оның екі ел арасындағы қатынастарды қалыптастырудағы елеулі рөлін атап өтті.

Елбасы Режеп Тайып Ердоғанға достық тілектері үшін алғысын білдірді және Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігінің қазіргі деңгейіне жоғары баға берді.

Close