Жаңалықтар

Түрік тілі қоғамының 88 жылдығына арналған жиын өтті

Бүгін Ататүріктің бастамасымен 1932 жылдың 12 шілдесінде құрылған Түрік тілі қоғамының 88 жылдығына арналған онлайн жиын өтті.

Түрік тілі қоғамының ұйымдастыруымен өткен басқосуға Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Надир Алпарслан, Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғарғы құрылымы басшысы Мұхаммед Хекимоглу, Түрік тілі қоғамының төрағасы, профессор Гүрер Гүлсевин, Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі академиясының тұрақты хатшысы Асхат Кесікбаев, Юнус Емре институтының басшысы Шереф Атеш, Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Ерден Қажыбек және танымал түрколог ғалымдар қатысты.

Жиында түркі тілі және мәдениеті саласында жұмыс істейтін ұйымдарға Түрік тілі қоғамы атқарған жұмыстары таныстырылып, алдағы уақыттағы жоспарлары талқыланды.

Шара барысында Түркі академиясының тұрақты хатшысы Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің құттықтауын жеткізді.

Close