Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы жұмысымен танысты

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалына арнайы барып, Жазушылар үйінің жұмысымен танысты.

Академия президенті Жазушылар одағы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлымен кездесіп, өзара пікір алмасты.

Айта кету керек, Жазушылар Үйіндегі басқосуға Одақ хатшысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Несіпбек Айтұлы және бірқатар қаламгерлер қатысты.

Кездесуде Академия басшысы Одақпен алдағы уақытта өзара бірлесіп атқарар жаңа жобалар туралы ой бөлісіп, Жазушылар Үйіне Академия басып шығарған бірқатар ғылыми еңбектерді тарту етті.

Close