Жаңалықтар

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Өзбекстан халқына бақ-береке тіледі,

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің ғасырлар бойы қалыптасқан достыққа, бауырластыққа және тату көршілікке негізделген екі жақты стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қиын-қыстау кезеңде бір-бірін қолдағанын шынайы бауырластық қатынастардың үлгісі ретінде атап өтіп, гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді.

Әңгімелесу соңында тараптар аймақтағы эпидемиологиялық ахуал жайында ақпарат алмасып, COVID-19 індетімен және оның салдарымен күрестегі іс-қимылдарды жалғастыра беруге ниетті екенін білдірді.

Close