Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Құрбан айт мейрамымен құттықтауы

Күллі мұсылманның мүбарак мейрамы Құрбан айт құтты болсын!

Биыл әлемді жайлаған індетке байланысты мұсылман жұртының қасиетті мейрамы ерекше түрде өтеді. Баршамыздың амандығымыз үшін Ұлық мейрамды да оқшаулану жағдайында атап өтуге мәжбүрміз.

Әр отбасыға денсаулық пен игілік тілеймін. Айт мерекесіндегі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! 

Шаңырақтарыңыз құт-береке мен ырыс-ынтымаққа толсын!

Ауыртпалық артта қалып, айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Құрметпен,

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Дархан Қыдырәлі

Close