ЖаңалықтарМақалаларТүркі әлемі

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің «Абай және Гаспыралы: Жәдитшілдік мұрасы» атты мақаласы шықты

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Абай және Гаспыралы: Жәдитшілдік мұрасы» атты мақаласы жарық көрді. Қазақстан Республикасының бас басылымы “Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалада автор Абай мұрасын хәкіммен тұстас ғұмыр кешкен жаңашылдармен салыстыра толғайды. Атап айтқанда, жәдитшілдіктің жолбасшысы Исмаил бек Гаспыралының ой-пайымдарымен сабақтастыра зерделейді. Түркі әлемінің қос тұлғасының шығармаларын тең талдай келе Абайдың жаңашыл ой-танымының қалыптасуына Гаспыралының «Тәржіман» газетінің ықпалы зор болғанын білдіреді.

Мақаланың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://egemen.kz/article/244781-abay-dgane-gaspyraly-zhaditshildik-murasy

Close