Жаңалықтар

Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Оңтүстік Корея елшісімен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сокпен кездесті.

Кездесуде Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Ку Хонг-сок мырзаны жаңа тағайындалған қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Корей елшісі Түркі академиясының жұмыстарынан хабардар екенін айта отырып, атқарылған игі істердің тиімділігіне тоқталды. Әсіресе ортақ дәстүр, тарих және достық байланысы бар түркі елдері мен алтай тілдері тобындағы елдермен ғылыми интеграция бағытына мән бергенін қолдайтынын білдірді.

Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Корей елшісін Академияға қонаққа шақырып, ұйымның басып шығарған бірқатар бағалы еңбектерін тарту етті.

Айта кету керек, бұған дейін Түркі академиясы Корей елінің бірқатар ғылыми құрылымдарымен меморандумдарға қол қойып, тығыз әріптестік байланыс орнатқан болатын.

Close