Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы танымал татар ғалымы, түркі тілдерінің маманы Ғұмар Саттаровтың дүниеден озуына байланысты көңіл айтты.

Тоқсан жасқа таяған шағында белгілі татар ғалымы, татар және түркі тіл білімі саласындағы көрнекті маман, Қазан университетінің еңбек сіңірген профессоры, филология ғылымдарының докторы Саттаров Ғұмар Фаизұлы қайтыс болды.

Осыған орай Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

«Өз атымнан және Халықаралық Түркі академиясының ұжымы атынан көрнекті татар ғалымы Ғұмар Саттаровтың отбасы мен достарына, шәкірттері мен әріптестеріне көңіл айтамын.  Ғұмар Фаизұлының қайтыс болуы Татарстан Республикасы мен бүкіл түркі әлемі үшін орны толмас ауыр қаза» – деді Академия басшысы.

Айта кету керек, Ғұмар Саттаров татар және түркі тіл білімі саласындағы елеулі еңбектері арқылы кең танылған ғалым. Атап айтқанда, ол татар тіліндегі ономастика саласының негізін қалап, оны дамыту жолында академиялық деңгейде 25 монография мен 560-тан астам ғылыми мақала  жазып қалдырды.

Close