Жаңалықтар

Түркі академиясының президенті ЮНЕСКО-ның  Білге Тоныкөк ескерткішіне арналған жиынға қатысты

Бүгін ЮНЕСКО мен ЮНЕСКО-ның Түркиядағы ұлттық комитетінің ұйымдастыруымен және Халықаралық Түркі академиясы, ТүркПА, Түркі мәдениеті және мирасы қоры, ТЮРКСОЙ ұйымдарының қолдауымен Білге Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арналған «Білге Тоныкөк ескерткіші туралы онлайн консультативті кездесуі» өтті.

Алқалы жиынға ЮНЕСКО-ның Түркиядағы ұлттық комитеті төрағасы Оджал Огуз, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева, Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы (ТүркПА) Бас хатшысының орынбасары Али Йылдыз, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) Бас хатшысының орынбасары Биләл Чақыжы, Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Түрік ынтымақтастық және даму агенттігінің (ТИКА) президенті Серкан Каялар, Түркия Республикасы Ұлттық Білім Министрінің орынбасары Мұстафа Сафран, Түркия  Сыртқы Істер министрінің орынбасары Явуз Селим Киран және Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түркия елдерінің ЮНЕСКО бойынша Ұлттық комиттеттерінің өкілдері қатысты.

Қатысушылар Білге Тоныкөк ескерткішінің қазіргі жағдайын бағалап, оның ЮНЕСКО тұрғысынан мәдени құндылығын ескере отырып қорғауға және ескерткіш мәтінінің бағалауға қатысты мәселер талқыланды.

Онлайн кеңесте сөз сөйлеген Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның Тоныкөк жылында атқарылған жұмыстары туралы баяндап берді. Сонымен қатар, Төныкөк ескерткішін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мәселелері, қорғау мен сақтау және насихатталуы,  кешеннің толық атласын жасақтау туралы нақты ұсыныстарын жеткізді.

Айта кету керек, сәуір айында Халықаралық Түркі академиясы «Тоныкөк жылының» ресми ашылуын жариялап, «Ұлы дала өркениеті: Тоныкөк мирасы және қазіргі түркі әлемі» атты халықаралық онлайн видеоконференциясын өткізді. Аталған конференция аясында Түркі академиясы әзірлеген жинағы таныстырылды. Тоныкөк ескерткіші мәтінінің 12 тілдегі аудармасы топтастырылған, «Bilge Tonyuquq» бірегей жинағының тұсауы кесілген еді.

Close