Жаңалықтар

Танымал түрік саясаттанушысы Куршад Зорлуның Білге Тоныкөк ескерткішін қорғау мәселелері туралы мақаласы жарық көрді

Түркияның «HaberTurk» ақпараттық порталында танымал түрік саясаттанушысы, профессор Куршад Зорлуның  «Bilge Tonyukuk yazıtı tehlike altında!»  (Білге Тоныкөк ескерткішіне қауіп төніп тұр!) атты мақаласы жарық көрді.

Мақалада автор Білге Тоныкөк туралы айта келе, оған қойылған жазба ескерткішінің ЮНЕСКО қарауындағы  Бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енгізу және қорғау мәселері жөнінде сөз қозғайды.

Осы орайда,  К. Зорлу Халықаралық Түркі академиясының соңғы жылдары Моңғолияда атқарып жатқан маңызды археологиялық қазба жұмыстарына тоқталады.  Сонымен қатар, Моңғолияның Академияға бақылаушы  мемлекет мәртебесін алуы алдағы уақытта ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндігін кеңейте түсетінін айрықша атап өткен.

Мақаланың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден оқи аласыздар:

https://www.haberturk.com/yazarlar/prof-dr-kursad-zorlu/2801881-bilge-tonyukuk-yaziti-tehlike-altinda

Close