ЖаңалықтарМақалаларТүркі әлемі

Академия басшысы Дархан Қыдырәлінің «Абыздар aманаты» атты мақаласы шықты

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің «Абыздар aманаты»  атты мақаласы жарық көрді. Қазақстан Республикасының бас басылымы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақалада автор Ұлы Дала абыздардың қайырымды қоғам, бақытты ел туралы толғамдары, әділет туралы сөз қозғайды.

Атап айтқанда, ажалдан қашқан Қорқыт, тіршілік суын тапқан Қызыр, мәңгі ел мұратын ұсынған Тоныкөк, Өтүкенді жер-жаһанның ортасы деп білген Білге қаған, қайырымды қоғамды аңсаған әл-Фараби, ізгілік іздеген Жүсіп Баласағұн, Желмаясымен Жерұйыққа жетпек болған Асан Қайғы, әділетті сүйген Абай – күміс қоңыраулы керуендей ғасырларды көктей өткен түркі халқының асыл арман-аңсарларын бір-бірімен сабақтастыра зерделейді.

Мақаланың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:

https://egemen.kz/article/248993-abyzdar-amanaty

 

Close