Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясы А. Хагвердиев пен У.Хаджибейліге арналған халықаралық конференция өткізеді

2020 жылдың 2 қазан күні  Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Халықаралық Түркі академиясы «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары: Абдуррахим бей Хагверд және Узейр Хаджибейлі» атты  халықаралық онлайн-бейнеконференция өткізеді.

Аталған жиын биыл Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің 2020 жылғы 31 қаңтардағы А.Хагверд және У. Хаджибейлінің  мерейтойларын атап өту туралы Жарлығына, сондай-ақ  қаңтар айында Баку қаласында өткен Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің отырысында қабылданған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілетін конференцияда Халықаралық Түркі академиясына мүше елдердің жауапты министрліктері басшылары (Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Мажарстан), дипломатиялық миссия және халықаралық ұйым жетекшілері, әлемнің түрлі елдерінің танымал ғалымдары, қоғам қайраткерлері қатысып, баяндама жасайды.

Конференция аясында «Әзербайжан Халық Республикасы – 100» кітабының тұсаукесері өтеді. Аталған жаңа кітапта Әзербайжан Халық Республикасының тарихына қатысты деректер, тарихи карталар мен құжаттар жинақталған. Айта кету керек бірегей басылымды Халықаралық Түркі академиясы дайындап, тұңғыш рет қазақ тілінде жариялап отыр.

Close