Жаңалықтар

 Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркі кеңесі Үйлестіру коммитетінің отырысына қатысты

Бүгін  Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесі Хатшылығының ұйымдастыруымен Үйлестіру комитетінің алғашқы отырысы өтті.

Онлайн форматта өткен алқалы жиынға Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Түркітілдес елдер Парламенттік ассамблеясының (ТүрікПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов,  Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі,  Түркі мәдениеті және мирасы қорының президенті Гүнай Эфендиева және Өзбекстан  тарапынан  дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қатысушылар өз ұйымдарының ағымдағы жылдағы атқарылған істері және  алдағы уақыттағы жоспарланған жұмыстары туралы пікір алмасты.

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі де Түркі академиясының атқарған жұмыстары туралы  мәлімет беріп, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ түркі әлемінің тұғырлы тұлғаларының  мерейтойлары мен айтулы оқиғаларын атап өтудің маңыздылығын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың тиімділігі арттыруға уағдаласты.

Close