Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Қазақстанның Білім және ғылым министрімен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар биыл ғұлама ғалым әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған қорытынды шара жоспарын талқылады.

Академия басшысы 19 қазан күні Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп өткізетін халықаралық форумның дайындық барысын таныстырды.  Сондай-ақ, аталған шараға ЮНЕСКО, ИСЕСКО секілді халықаралық ұйымдардың басшылары мен жауапты өкілдері, ғылым академиялары мен әріптес құрылымдардың жетекшілері, көптеген елдердің жоғары лауазымды тұлғалары және әлемнің жетекші фарабитанушы ғалымдары қатысатындығын атап өтті .

Өз кезегінде Асхат Аймағамбетов Академияның жауапты жұмыстарына сәттілік тілеп, қолдау көрсететінін жеткізді.

Айта кету керек, биыл Ғылыми кеңестің III отырысында Түркі академиясына түркі әлемінің атаулы даталар тізіміне енген әл-Фарабидің 1150 жылдығын ұлықтауға арналған бірқатар маңызды шараларды атқаруға сенім артылған болатын.

Close