Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісімен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Батырхан Құрмансейітпен кездесті.

Академияға арнайы келген Елші ұйымның атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Кездесу барысында тараптар әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған халықаралық форумға  дайындық барысын талқылады.

Сонымен қатар, Батырхан Құрмансейітұлы Түркі академиясының құнды ғылыми еңбектері жинақталған кітапхана қорын аралап көріп, ұйымның алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Close