Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Абайдың 175 және Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың төрағасы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевпен кездесті.

Кездесу барысында Академия басшысы Абайдың 175 жылдығына байланысты ұйымның атқарған жұмыстарын баяндап, бауырлас түркі елдерінде Абай туралы  шыққан еңбектер мен материалдарды кеңінен таныстырды. Сонымен қатар, әл-Фараби мерейтойы бойынша жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып, алдағы іс-шаралар жоспары жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі Академия қолға алған Түркі дүниесінің киелі жерлері және Тұғырлы тұлғалары жобалары жайында пікірлесіп, түркі әлемінде жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының  барысын атап өтті.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Қырымбек Елеуұлы Академияның түркі әлемінде және аталған мерейтойлар бойынша жүзеге асырылып жұмыстарына жоғары баға берді.

Кездесу соңында Академия басшысы ҚР Мемлекеттік хатшысына ұйымның дайындап шығарған бағалы ғылыми еңбектерін тарту етті.

 

 

Close