Жаңалықтар

Бүгін Түрікменстанның Тәуелсіздік күні

Бүгін, 27 қыркүйек Түрікменстанның ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні аталып өтілуде.

Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Түрікменстан жұртын бүгінгі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды.

Сан ғасырлық достық және ортақ тарихпен етене байланысқан түрікмен ағайынның игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа жетістіктер тілеп, бауырлас елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқынын жаңа белестерге көтере беретініне сенімдіміз.

Close