Жаңалықтар

Академия басшысы «Абай және адамзаттық гуманизм» атты халықаралық форумына қатысты

Бүгін Нұр-Cұлтан қаласындағы Назарбаев Университетінің ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай және адамзаттық гуманизм» халықаралық форумы өтті.

Онлайн форматта өткен басқосуға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу, Назарбаев Университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамилоғлы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының директоры, философия ғылымдарының докторы Жақыпбек Алтаев, Түркияның Кастамону университетінің професоры Орхан Сойлемез, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын  Янгибой Кучкаров, танымал абайтанушы ғалымдар мен студенттер қатысты.

Алқалы жиынның ашылуында құрметті қонақтары қатарында  сөз сөйлеген Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі ұйымның Абай жылы аясында түркі әлемі бойынша атқарған жұмыстары туралы баяндап, форумның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Айта кету керек, биыл Абай жылы аясында Түркі академиясы халықаралық деңгейдегі 10 іс-шара өткізіп,  9 басылым әзірлеп шығарды.

Close