Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Түркия елшісімен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Екижимен кездесті.

Кездесуде тараптар атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы жұмыс жоспарын пысықтады.
Елші мырза Академия атқарған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта бірлесіп атқарар жобаларға қолдау көрсететінін жеткізді.

Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Уфук Екижиге алғыс айтып, Түркі академиясының қолдауымен түрік тіліне аударылып басылған Абай Құнанбайұлының шығармалары мен М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын тарту етті.

Close