Жаңалықтар

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі мажар түркологі Дьюла Неметтің туғанына 130 жыл толуына орай еске алу шарасына қатысты

Бүгін Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ), Түрік тілі қоғамы және Мажарстанның Түркиядағы Елшігінің ұйымдастыруымен көрнекті мажар түркологі Дьюла Неметтің туғанына 130 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.

Онлайн басқосуға Түркі мәдениеті және өнерін дамыту халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Мажарстандағы Түркі кеңесі өкілдігінің жетекшісі Янош Ховари, Түрік тілі қоғамының төрағасы, профессор Гүрер Гүлсевин, Мажарстан Парламентінің вице-спикері Шандор Лежак, Мажарстанның Түркия Республикасындағы Елшісі Виктор Матис және танымал түрколог-ғалымдар қатысты.

Алқалы жиынның ашылуында құрметті қонақтары қатарында  сөз сөйлеген Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі  әріптестерін белгілі мажар ғалымы Дьюла Неметтің туғанына 130 жыл толуына орай еске алу шарасымен құттықтады. Сонымен қатар, Академия басшысы ұйымның түркі  және мажар халықтары арасындағы ғылыми ынтымақтастық бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы сөз қозғап, жиынның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

Айта кету керек, Мажарстан Халықаралық Түркі академиясына бақылаушы мемлекет болып саналады.

Close