Жаңалықтар

Академия басшысы Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуге қатысты

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен алқалы жиын өтті. Зиялы қауым өкілдері бас қосқан шараға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, белгілі жазушы, драматург Дулат Исабеков, жазушы, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлы, әдебиеттанушы ғалым, профессор Айгүл Ісімақова және бірқатар танымал ақын-жазушылар қатысты.

Шара барысында Жұмабай Шаштайұлының «Қызыл қар» атты жаңа романы таныстырылып, оқырман қауымға жол тартты.

Басқосуда кіріспе сөзбен ашқан Аида Ғалымқызы кезінде «репрессияланған» кітаптың тәуелсіздіктің арқасында оқырманымен қайта қауышуының маңызды жаңалық екеніне тоқталды. Сонымен қатар, аталған туындының авторы Жұмабай Шаштайұлына шығармашылық табыс тілеп, арнайы құрмет көрсетті.

Close