Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлінің Әзербайжан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай құттықтауы

Бүгін Әзербайжан Республикасы Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Осыған орай, өзімнің және Халықаралық Түркі академиясы ұжымы атынан бауырлас әзірбайжан халқын шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 29 жыл бұрын Әзербайжан Демократиялық Республикасының мұрагері ретінде әлемге тәуелсіздігін жариялаған Әзербайжан Республикасының бойы көтеруі елеулі тарихи оқиға болды.

Осы уақыт аралығында Әзербайжанның саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, өңірдегі тұрақтылық пен дамудың даңғылына түсті.

Айта керек, Әзербайжан Республикасы Түркі ынтымақтастығының артуына сүбелі үлес қосып келе жатқан бауырлас ел.  Осыдан 11 жыл бұрын Әзербайжанның Нахчыван қаласында түркітілдес елдер мемлекет басшылары қатысуымен өткен тарихи Саммитте Түркі кеңесі, Түркі академиясы, Түркі мәдениет және мирас қоры, Ақсақалдар кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

Осы тарихи күндерде Әзербайжан Республикасына тұрақты даму, жаңа жеңістер, бейбітшілік пен амандық тілеймін!

Тәуелсіздік Күні Құтты Болсын!

Qardaş Azərbaycan xalqını Dövlət Müstəqilliyi Günü münasibətilə təbrik edirəm!

Bu tarixi günlərdə Azərbaycan Respublikasına davamlı inkişaf, yeni-yeni qələbələr, sülh və firavanlıq arzulayıram!

Дархан Қыдырәлі

Халықаралық Түркі академиясының президенті

Close