Жаңалықтар

Түркі академиясының басшысы Әзербайжан Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесті.

Академия басшысы Арменияның қақтығыс аймағынан алыс орналасқан Әзербайжан қалалары мен елді мекендеріне жасаған шабуылдарына алаңдаушық білдіріп, опат болған бейбіт тұрғындар қайғасына ортақтасып, көңіл айтты. Сонымен қатар, бұл мәселеге қатысты Академияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Әзербайжан аумағының біртұтастығын қолдайтынын тағы да қуаттады.

Сондай-ақ, Академия басшысы Әзербайжанның Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Өз кезегінде Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов Академия президентіне аймақтағы соңғы жағдай туралы хабарлап, Армения Қарулы Күштері атысты тоқтату туралы ресми жарияланғаннан кейін гуманитарлық үзіліс бірнеше рет бұзылғанын атап өтті. Оның айтуынша, Әзербайжан позицияларын армян армиясының қарқынды атқылауы майданның барлық бағыттарында бітімге ашық түрде бағынбайтындығын және Әзербайжанның оккупацияланған аумақтарын қайтаруға бағытталғанын көрсетеді. СІМ басшысы Әзербайжанның негізгі талабы Арменияның Халықаралық құқық нормаларын, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын сақтауы болып табылатынын атап өтті.

Министр Джейхун Байрамов ұйымның президенті Дархан Қыдырәліге Түркі академиясының Әзербайжанға халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген әділ ұстанымын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

Close