Жаңалықтар

Академия басшысы Өзбекстан елшісімен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында тараптар алдағы жұмыс жоспарын талқылап, әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты.

Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі Елші мырзаны бүгінгі “Өзбек тілі мерекесі” күнімен құттықтап, Академия тарапынан өзбек тіліне аударылып басылған Абайдың қара сөздері жинағын тарту етті.

Өз кезегінде Саидикрам Ниязходжаев Академия атқарған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, бірлесіп атқарар жобаларға қолдау көрсететінін жеткізді.

Close