Жаңалықтар

Бүгін 1956 жылғы Мажар көтерілісін еске алу күні

Бүгін Мажарстанда 1956 жылғы көтерілісті еске алу күні. Бұл мажар халқының тоталитарлық режимге қарсы шыққан күнін еске алып, тағзым ететін ұлттық мерекесі. Бұл атаулы күн 1989 жылдың 23 қазанынан бері «Мажарстан Республикасының жарияланған күні» ретінде мерекеленіп келді.

Осыған байланысты Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы біздің мажар достарымызды 1956 жылғы революция және азаттық үшін күрес мерекесімен құттықтаймыз!

Айта кету керек, бұл мажар халқы үшін ұмытылмас атаулы күн. Дәстүр бойынша, бұл күні Будапештте көптеген мерекелік шаралар, ескерткіштерге гүл шоқтарын қою және сол қайғылы уақытта қайтыс болғандар туралы еске алу рәсімдері өтеді.

Close