Жаңалықтар

Академия басшысы Түркі халықтары конгресінің төрағасымен кездесті

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдыралі Түркі халықтары конгресінің төрағасы Едил Марлис уулымен кездесті.

Академияға Бішкек қаласынан арнайы келген Едил Марлис уулы ұйым басшысы Дархан Қыдырәліден Түркияның танымал «ТРТ» арнасы үшін сұхбат алды.

Сұхбат барысында Дархан Қыдырәлі Академияның атқарып жатқан жұмыстары, Абай жылында жүзеге асырылған жобалар және түркі ынтымақтастығындағы Мұстафа Шоқайдың рөлі  туралы баяндап берді.

Close