Жаңалықтар

Бүгін Түркияның Республика күні

Бүгін 29 қазан Түркияның ұлттық мейрамы ‒ Республика күні аталып өтуде.

Осыған байланысты Халықаралық Түркі академиясының басшылығы мен ұжымы Түркия елін Республика күнімен шын жүректен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен бақ-береке, дамудың даңғыл жолын тілейді.

Айта кету керек, осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын Анадолыда ұлт көшбасшысы  Кемал Ататүрік бастаған шет ел интервенттерінің жаулауынан азат етуге бағытталған ұлт-азаттық күрес жеңіспен аяқталды. Осылайша 1923 жылы 29 қазан күні Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүрік ел Конституциясына өзгерістер енгізіп, Түркия республикасын жариялады. Дәстүр бойынша мерекелік шаралар елдің бас қаласы Анкарадағы Ататүрік кесенесінде басталды. Бұл жердегі шараның алғашқы легі мемлекет және қоғам қызметкерлерінің қатысуымен өтіп, Ұлт азаттық күрестің барлық қаһармандарын құрметпен еске алады.

Close