Жаңалықтар

Түркияның Республикасы күніне орай «Байрағы биік байтақ ел» шарасы өтті

Бүгін, 2020 жылдың 29қазан күніХалықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен және Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының қолдауымен Түркияның Республика күніне орай «Байрағы биік байтақ ел» атты шара өтті.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екижи, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Қазақстан Республикасы СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Ержан Мұқаш, Түркі кеңесі Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, дипломатиялық миссия өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, зиялы қауымөкілдері мен БАҚ жетекшілері, сонымен қатар Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының тәлімгерлері қатысты.

Басқосуда барысында Академия әзірлеген Ататүрік туралы деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, Түркия Елшісі Уфук Екижи сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Бұдан кейін Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының тәлімгерлері Мұхаммедияр Анкабаев пен Бақдаулет Ташманов келген қонақтарға арнайы түрік тілінде өлең оқыды. Басқосу соңында аталған оқушыларға шараға белсенді атсалысқаны үшін Академияның арнай сертификаттары табысталды.

Сондай-ақ, Түркия республикасының негізін қалаушы Мұстафа Ататүрік туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Айта кету керек, Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын Анадо­лыда ұлт көшбасшысы Кемал Ататүрік бастаған шет ел интервенттерінің жаулауынан азат етуге бағытталған ұлт-азаттық кү­рес жеңіспен аяқталды. Осылайша1923 жылы 29 қазан күні Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Түркия Республикасын жариялады. Дәстүр бойынша мерекелік шаралар елдің бас қаласы Анкарадағы Ататүрік кесенесінде басталады. Бұл жердегі шараның алғашқы легі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтіп, Ұлт азаттық күрестің барлық қаһармандарын құрметпен еске алады.

Close