Жаңалықтар

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі танымал өзбекстандық түрколог Андрей Кубатиннің өмірден озуына байланысты көңіл айтты

Бүгін, 29 қазанда Ташкент қаласында біздің досымыз және әріптесіміз, жас өзбек ғалымы, түрколог Андрей Кубатин ауыр науқастан қайтыс болды.

Андрей жарық жұлдыздай қысқа, бірақ жарқын өмір сүрді. Ол түркологияның дамуына зор үлес қосты. А.Кубатин Түркі академиясында қызмет етіп, түркі әлемінің нумизматикасын зерттеуде іргелі ғылыми еңбектерін жарыққа шығарды.

Андрей өзінің достары мен әріптестері жадында әрдайым мықты адам және тамаша ғалым болып қала береді.

Өкінішке қарай, ол да әлемді жайбарақат қалдырмаған COVID-19 дертінің құрбаны болды.

Осыған орай, мен өз атымнан және Халықаралық Түркі академиясының бүкіл ұжымы атынан Андрейдің отбасы мен жақындарының, достары мен әріптестерінің қайғысына ортақтасып көңіл айтамын.

Андрей Кубатиннің жарқын есімі біздің жадымызда және жүрегімізде мәңгі қалады.

Халықаралық Түркі академиясының президенті 

Дархан Қыдырәлі

Close