Жаңалықтар

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесті

Бүгін Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Халықаралық Түркі академиясына арнайы келіп, ұйым басшысы Дархан Қыдырәлімен кездесті.

Мәртебелі қонақ Түркі академиясындағы кітапхана қоры мен түркі музейінің жәдігерлерімен танысты.

Кездесу барысында Дархан Қыдырәлі Академияның атқарылған жұмыстарын баяндап, алдағы жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, Академияның құрылтайшы мемлекеттерінің бірі – Қырғыз Республикасындағы, тұрақтылық пен тыныштықтың бекем болуына және дамуына тілектестік білдірді.

Өз кезегінде, Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Академияның  жұмыстарына зор ризашылығын білдіріп, ұйымның түркі халықтарының  ынтымақтастығы үшін аса маңызды құрылым екеніне тоқталды. Академияның  игілікті  істері бауырлас халықтардың бірлігін бекемдейтін алтын арқау екендігін  ерекше атап өтіп, барлық бастамаларына қолдау көрсетітінін жеткізді.

Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Сыртқы істер министріне ризашылығын білдіріп, бірқатар ғылыми еңбектерін тарту етті.

Close