Жаңалықтар

Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті

Бүгін арнайы іссапармен Әзербайжанға келген Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Түркі академиясы ынтымақтастығының болашақ жобалары туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, Академия басшысы әскери операцияларды тоқтату туралы үш жақты мәлімдеме шешімін құптап, ұйым атынан құттықтады. Қақтығыс кезінде шейіт болған жауынгерлердің отбасына көңіл айтып, жараланғандардың тез сауығып кетуін тіледі.

Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркі академиясы арасындағы ұйымның орналастыру шарттары мен ережелері туралы келісімге қол қойылғанын айтып,  Министрге Түркі академиясың дайындап шығарған жаңа басылымдарын таныстырды.

Өз кезегінде, Сыртқы істер министрі мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Халықаралық Түркі академиясының түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда атқарып жатқан қызметін айрықша атап өтті. Министр түркі әлемінің мұрасын, тарихы мен мәдениетін зерттеудегі Академияның еңбегі Әзербайжан тарапынан жоғары бағаланатынын жеткізді.

Джейхун Байрамов Әзербайжанның әділ ұстанымын қолдайтын халықаралық ұйымдардың қатарында болған Түрік академиясына алғысын білдірді.

Кездесу соңында Министр Түрік академиясының тарихи Келісімге қол қойылуымен және осылайша ұйымның толық жұмыс істеуіне көшу жөніндегі құқықтық рәсімдердің аяқталуымен құттықтады.

Close