Жаңалықтар

Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті

2020 жылғы 17 қарашада Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблея кеңесінің (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповпен кездесті.

Кездесуде тараптар COVID-19 пандемиясы жағдайындағы өз ұйымдарының қызметі туралы баяндап, 2021 жылы түркітілдес елдердің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар өткізу туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, Академия басшысы мен Бас хатшы ұйымдардың өзара қатынасын, атап айтқанда мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын үйлестіру және модельдік заңнамасын әзірлеу бойынша сарапшылық әлеуетті арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі ТүркПА кітапханасына Академия басып шығарған Әзербайжанға байланысты құнды кітаптарды табыстады.

Close