Жаңалықтар

Академия басшысы Дархан Қыдырәлі көрнекті ғалым Уахит Шәлекеновтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

Қазақстан археология ғылымы орны толмас зор қайғыға душар болды. Бүгін академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, II дүниежүзілік соғыс ардагері Уахит Хамзаұлы Шалекенов өмірден озды.

Осыған орай, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қөрнекті археолог, академик  Уахит Хамзаұлы Шалекеновтың дүниеден озуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Абыз ақсақал, көрнекті ғалым, II дүниежүзілік соғыстың қанды қырғынынан аман шығып ғасыр жасаған ғұлама, археология мен ұлттық тарихтың шежіре-білгірі, тарих ғылымдарының докторы, ұзақ жылдары бойы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз Уахит Шәлекенов бақиға аттаныпты, жаны жаннатта болсын! Иманы жолдас болсын! Отбасына, жақындары мен шәкірттеріне көңіл айтамын», − деп жазды Академия басшысы ресми парақшасында.

Уахит Шәлекенов көне түріктердің астанасы – Баласағұн қаласын тауып, шәкірттерімен бірге зерттеп, қазақ археологиясы мен этнографиясына, тарих ғылымына үлкен үлес қосты. Ұлы Жібек жолындағы орта ғасырлық қалалар, түркі мәдениеті мен рухани орталықтары, Сырдария бойындағы көне мәдениет ошақтары, қазақ халқының азаттығы жолында күрескен қаһармандар туралы кеңінен баяндап, оқырманға жеткізу жолында ерен еңбек етті.

Көрнекті ғалым саналы ғұмырында 700-ден астам ғылыми жарияланым, 30 монография мен оқу құралдарын жазып қалдырды.

 

Close