Жаңалықтар

Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан  Білім министрі Эмин Амруллаевпен кездесті

17 қарашада Бакуде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Халықаралық Түркі академиясы мен Білім министрлігі арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашақтағы басым бағыттары туралы пікірлесті.

Сонымен қатар, Білім министрі Эмин Амруллаев Армения қарулы күштерінің Әзербайжанның бейбіт тұрғындарына жасаған агрессиясы салдарынан 10 оқушы қаза тауып, 16 оқушы жараланғаны және 50 оқу орныны қирағаны туралы айтып берді.

Кездесу соңында Дархан Қыдырәлі Академия жарыққа шығарған Әзербайжан бағытындағы бағалы басылымдарды тарту етті.

Close