Жаңалықтар

Халықаралық Түркі академиясының президенті Әзербайжан Милли Меджлис Спикерімен кездесті

Uluslararası Türk Akademisi Başkanı Azerbaycan Milli Meclis Başkanı ile görüştü

18 қарашада Бакуде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Милли Меджлисінің Спикері Сахиба Гафаровамен кездесті.
 
Кездесу барысында Меджлис Спикері академияның түркі интеграциясындағы маңызды рөлін айта келе, ұйымның атқарған жұмыстарына жоғары баға берді. Сонымен қатар, Академияның түркі әлеміне, соның ішінде Әзербайжанға қатысты ғылыми жобаларына ризашылығын білдіріп, Академияның қызметіне әрдайым қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.
Өз кезегінде, Дархан Қыдырәлі Милли Меджлистің Төрайымын Әзербайжан халқының ұлы жеңісімен құттықтап, Академияның атқарған жұмыстары мен болашақ жоспарлары туралы баяндап берді.
 
Айта кету керек, кездесуге ТүркПА Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Эфендиева да қатысты.

.

Close