Жаңалықтар

Түркі академиясының президенті Гәнжәға барды

20 қарашада Халықаралық Түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі бастаған делегация Гәнжәға барды.

Делегация Армения Қарулы Күштерінің Гәнжәның орталық бөлігіне жасаған шабуылдар салдарымен танысып, оқиға болған жерге гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты.

«Соғыс кезінде Гәнжәға түскен зымыранның салдарынан көптеген бейбіт тұрғындар, бейкүнә балалар опат болған еді. Біз сол бір ауыр сәтте бауырлардың қайғысына ортақтасып кезде көңіл айту жеделхатын жіберген болатынбыз. Ал қазір мен өзім келіп, Әзербайжанның жанында екенімізді тағы бір рет жеткізгім келді. Гәнжә – мәдениет пен әдебиет қаласы», – деді Академия басшысы Гәнжәдағы сапарында. Академия делегациясын Гәнжә қаласының әкімшілігі мен Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының қалалық бөлім басшылары  қарсы алып, жол көрсетіп жүрді.

Айт кетейік,  11 және 17 қазанда Армения аумағынан Әзербайжанның Гәнжә  қаласына баллистикалық зымырандармен мақсатты түрде атылғаны туралы хабарланған болатын. Нәтижесінде 30-ға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты, оның ішінде 6 бала, 10 әйел, 90-нан астам адам жарақат алды.

Close